«Жүректен жүрекке» жалғасып жатыр

Ел көлемінде «Атымтай жомарт» жандардың игі істерін, қайрымдылық жұмыстарын жандандыру, дәріптеу мақсатында түрлі жобалар өтуде.

Алматы, NEGE. Алматыдағы №40 жалпы білім беретін мектепте оқу жылының барлық айында көмекке зәру отбасынан шыққан балаларға жүйелі түрде көмек беріледі.

Бүгінде дәстүрге айналған бұл шара өзгеге үлгі болуға жарарлық.

Жуырда «Өзін – өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің жоспарына сәйкес «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсетіліп, мектепке қажетті оқу құралдары толған сөмкелер табысталды.