Жұмыссыз жастар үшін Алматыда Jobfair 365 платформасы іске қосылды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы жастардың жұмыс іздеуіне арналған «Jobfair365» бірыңғай платформасын іске қосты.

Алматы, NEGE. Сервис жұмысқа орналастыруды, тегін білім беру курстарын және жастарға арналған ақпараттық порталды ұсынады.

Сонымен қатар, сайтта оқу біткесін сертификат беретін қазақ және орыс тіліндегі қысқа мерзімді курстар бар.

Курстың бағытына байланысты сабақ 20-дан 30-ға адамға дейінгі топқа өткізіледі. Пайдаланушылар аптасына 3 рет 2-3 сағат оқиды, онда оқытудың теориялық бөлігі 1 айдан 1,5 айға дейін созылады.

Қазіргі уақытта порталда 3,7 мың бос жұмыс орны бар, 20 өңірден 1,5 мың жұмыс беруші тіркелген. Бүгінде 10,2 мың адам оқытылып, оның 9,2 мыңы жұмысқа орналастырылды.

Қазір оқып жатыр

Президент бірыңғай QR жүйесіне қосылмаған ірі банктерді сынға алды

Елімізде мал басын көбейтуге 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру басталды

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары шетелге көбірек көшіп жатыр?