Жұмысшы жүзден астам жол жиектерін ұрлап кеткен

«Индер ауданының тәртіп сақшылары кент ішіне жол салып жатқан ЖШС-нің біріне тиесілі 126 дана жол жиектері – бордюрлердің қолды болғанын анықтады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.


Алматы, NEGE. Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, шұғыл-іздестіру шаралары барысында аудандық бөлім қызметкерлері күдікті ретінде осы құрылыс мекемесінің 25 жасар жұмысшысын ұстаған. Белгілі болғандай, жас жігіт жол жиектерін бір жергілікті тұрғынға арзан бағаға – бар болғаны Т30 мыңға сатқан. Қазіргі таңда ҚР ҚК 188 бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған