Жұмыспен қамтуды талап еткен жаңаөзендіктер аштық жариялады

Жұмыс іздеген жаңаөзендіктер аштық жариялады, деп хабарлайды «Лада».

Алматы, NEGE. «Жаңаөзенде жұмыссыздар аштық жариялады. Жаңаөзен қаласының әкімдігіне жиналған жігіттер қалалық әкімшілік ғимаратының маңында түнеуге ниетті», - делінген хабарламада.

Атап өткендей, әкімдікке 15-ке жуық жұмыссыз тұрғын жиналған. 

«Жұмыспен қамту мәселесін әлі де шешпегендіктен, біз аштық жариялауды жөн көрдік», - деді жаңаөзендіктер.