Жұмысқа тұру үшін 2,5 миллион берген

Шымкент қаласының тұрғыны ұлын жұмысқа орналастырамын деп 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы, NEGE. Тұран аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс ер адам өзінің байланыстары арқылы оның ұлын қалалық әуежайдың қауіпсіздік бөліміне жұмысқа орналастыруға уәде беріпті. Ол осы қызметі үшін 2,5 миллион теңге алып, ізін суытқан.

Аталған жайт бойынша Тұран АПБ-ның анықтаушылары Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тергеу амалдарын бастады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары 41 жастағы күдіктіні анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда полицейлер барлық айғақтарды жинап, қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдаған.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады