Жұмысынан айырылған 92 мың адам жәрдемақы алды
Жыл басынан бері жұмысынан айырылып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алғандардың саны 92,4 мыңа жетті. Бұл ретте 10 747 азаматқа төлем қараша айында тағайындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.