Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» басшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды»,-делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр