Жұмысы тоқтамағандар 42 500 теңге алмайды
42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға құқығыңыз болмаса, онда өтінім берудің еш қажеті жоқ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
Алматы, NEGE. «Осы уақытқа дейін жұмыс істеп келіп, карантинге байланысты табысынан қағылған жалдамалы жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке кәсіпкерлер өтінім бере алады. Ал мұндай санатқа кірмейтіндер әлеуметтік төлем алуға тырыспай-ақ қоюларыңызды өтінемін. Бұл – жауапкершілік. Осы жолы порталдың төменгі жағында әрбір адам оқып, шектеу шараларына байланысты кірісінен айырылғанын растайтын белгіні белгілеуі тиіс болады. Ол ұсынған мәліметтері үшін мойнына жауапкершілік алады», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.