Жұмыс істейтін жастарға неше пәтер беріледі?

Алматы әкімдігінде «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беру» бағыты бойынша құжат қабылдау басталды.

Алматы, NEGE. «2020 жылдың 5 қаңтарынан 20 қаңтарына дейін Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында 29 жасқа дейінгі жұмыс жасайтын жастар арасында «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беру» бағыты бойынша құжат қабылданады», – деді басқарма мамандары.

 Жалға берілетін пәтерлер Алматы аймағында 5 жылға мерзімге беріледі. Бүгінде Алатау ауданында 255 пәтер берілуге дайын. Бағдарламаға қатысу шарттарымен бағдарламаның ресми сайтында танысуға болады.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен