Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады

UFC файтері, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-7) кішігірім демалыстан кейін жаттығуға қайта кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. 33 жастағы спортшы маусым айында октагонға шығып, америкалық Джефф Молинадан (11-2) жеңілген еді.

"Ассаламалейкум! Қалайсыңдар? Мен оралдым, толассыз еңбектеніп, жаттығуларымды бастадым. Кішкене демалдым. Барлығыңды құшақтадым! Барлығыңызға жақсылық тілеймін! Аман болыңдар", - деді файтер.

Естеріңізге сала кетейік, Жұмағұлов Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Vegas 56 (UFC Fight Night 207) турнирде өнер көрсетті. Көптеген БАҚ өкілдері мен ММА журналистері қазақстандықтың жеңілісіне келіспейді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды