Жұмағұлов ескерту жасады

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Осыған дейін отандық және қазақстандық БАҚ-та "Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіндегі жеңілісіне жаттықтырушысын кінәлі санайды" деген ақпарат тараған.

Спортшы журналистерге ескерту жасады.

«Бәріңе сәлем. Өтірік ақпарат таратып жүрген журналистерге, тілшілерге айтарым бар. Мен өз жеңілісіме жаттықтырушымды кінәлі санайды екенмін. Сіздер олай шатастырмаңыздар. Мен олай айтқан жоқпын, айтпаймын да. Егер мен кінәлі болсам, өзім ғана кінәлімін. Жалған ақпарат таратпауларыңызды өтініп сұраймын», – деді Жұмағұлов.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған