14 октября 2022 г. 9:38

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Фото:

 Қазгидромет 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады, сонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батысында, солтүстік-батысында Қара теңізі аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батысында – тұман.

Тегтер: