Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 18 ақпанға арнаған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттар қар, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын мен көктайғақ құбылыстарының болуына әсерін тигізеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстік-батысында тұман болжанады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысында тұман түседі. Таңертең және күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі, күндіз орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.