Жұмабек Тәшеневке ескерткіш қойылды

Бүгін елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында әскери-тарихи музей жанындағы алаңда мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеневке ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Алматы, NEGE. «Бүгін көрнекті мемлекет қайраткері, еліміздің гүлденуіне үлкен үлес қосқан Жұмабек Тәшеновке ескерткіш ашып отырмыз. Осыған дейін Нұр-Сұлтанда ұлы тұлғамызға көше аты берілген болса, жуырда мектепке есімі қойылды. Енді міне кезек ескерткішке келіп отыр.

Ағамыздың мүсіні комиссия мүшелерінің, зиялы қауым өкілдерінің, ұрпақтарының келісімімен құйылды. Дәл сондай-ақ ескерткіштің тұрған орны да мүдделі тараптардың келісімімен таңдалды. Бүгінгі елорда отанымыздың тек саяси ғана емес мәдени және рухани ордасы. Бүгінге дейін Нұр-Сұлтанда еліміздің танымал тұлғаларына арналған бірқатар ескерткіш ашылды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында пандемияға қарамастан еліміздің руханиятын көтеретін бастамалар ары қарай да жалғаса береді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді