Жұлдызы жанған дуэттер
Бүгінде қазақ эстрадасының әншілері шетелдің жұлдыздарымен дуэт орындап жүр. Ернар Айдардың шығармашылық кешінде Arash, Oceana, Serdar Ortac бірге қосыла ән шырқаса, Нұрсұлтан Нұрбердиев Мұрат Япрак есімді түрік әншісімен дуэт құрып, әріптесінен қалыс қалған жоқ.
Нұржан Керменбаев: Жақында тағы бір дуэт болып қалуы мүмкін. Квартет те құруым әбден мүмкін. Негізі Әділ екеуміз жалғастырамыз деп шештік. Мүмкін, құрамды өзгертеміз. Мүмкін, тағы бір бала қосылады немесе екі жігіт. Алланың қалауымен көреміз, бұйырғаны болады. Бірақ тағы бір жақсы дүниені міндетті түрде күтіңіздер.
Серік Гамза-заде: Міндетті түрде дуэт болады. Әзірге бір адаммен келісім жүргізіп жатырмыз. Кім екенін атпай-ақ қояйын. Ол - ер адам. Қазақстанға танымал адам.
Сәтті шыққан дуэттердің тізімінде Мәди Рымбев пен Бонапарттың әні де бар. Қос өнерпаздың шығармашылық тандемі 2020 жылы да жалғасын таппақ.