Жұқпалы аурулар стационары ашылды
Балқаш қаласында бұрын туберкулез диспансері болған 4 қабатты ғимарат күрделі жөнделіп, жұқпалы аурулар стационары ашылды.
Алматы, NEGE. Бұл мақсатқа қазынадан 387 миллион теңге бөлінген. 100 адамға шақталған емдеу мекемесі барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Мұнда 30 төсектік жансақтау бөлімі жұмыс істеп тұр. Оттегі орталықтандырылған жүйемен беріледі. Стационар жанындағы бактериологиялық зертхана науқастарды тез анықтап, дер кезінде ем-шара қабылдауға мүмкіндік береді дейді мамандар. Пандемиядан кейін бұл жерде өзге де жұқпалы ауруға шалдыққандар емделетін болады. Айта кету керек, қазір Қарағанды өңірі сары аймақта.