Жүк көліктерін заңсыз тіркеген: Алматыда «ЦОН» қызметкерлері сотталды

Арнайы прокурорлар Алматы қаласының мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанын хабарлады.

gov4c.kz

Астана, NEGE. Тергеу материалдарына сәйкес, 2023 жылы арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, нақты шыққан жылын бұрмалаған. Соның нәтижесінде 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеген. Бұл көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алынатын қаражат болып есептеледі.

«Кешенді жүргізілген тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының нәтижесі айыпталушылардың құқыққа қарсы әрекеттерін толығымен растады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді