Жуырда «E-Sport» платформасы іске қосылады

Спортсүйер қауым үшін жуырда «E-sport» цифрлық платформасы іске қосылмақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев мәлім етті.

Алматы, NEGE. «E-sport» заманауи цифрлық платформа. Ол жерден қандай спорттық секциялар бар, жаттықтырушысы кім деген секілді барлық ақпаратты алуға болады. Баласын спортқа бергісі келетін ата-аналар үшін еркін таңдау. Сондай-ақ, «E-sport» платформасын тұтынушылармен қатар, спорт бойынша қызмет ұсынушылар да қолдана алады. Мысалы, кез келген адам Яндекс, Индрайвер мобильді жүйесіне тіркеліп такси қызметін ұсына алады ғой. Бұл жүйе де сондай. Спорттан жаттықтырушы немесе бапкер өз қызметін ұсынады», – деді Серік Жарасбаев.

Вице-министрдің айтуынша, спорт саласындағы аталған жаңашылдық жуырда іске қосылады.

«Сіз өзіңізге жақын спорт түрін таңдайсыз, одан әрі сіз таңдаған спортқа қатысты барлық деректер шығады. Яғни секцияның мекен-жайы, жаттықтырушының санаты қандай тағы сол сияқты», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды