«Жұбайыммен бірге намаз оқимын» – Сотта С. Нүкенованың Бишімбаевқа жазған қолхаты оқылды

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр. 

Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Сот барысында Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді. Хат Бишімбаевтың жеке қойын дәптеріне жазылған.

«Мен, Салтанат Нүкенова, Қуандықтың сенімін қалпына келтіруге, оған сенуге, қызғанбауға уәде беремін. Психологқа үнемі барып тұруға, өз-өзіммен, сеніммен жұмыс істеуге уәде беремін. Шынайы, тіл алғыш боламын және Қуандықты құрметтейтін боламын. Отбасының ошағын қорғайтын аяулы да қамқор жар боламын. Боғауыз сөз айтпаймын, жынданбаймын. Оның айтқанына сенетін боламын, оның маған тек жақсылық тілейтініне сенемін. Мен күйеуімді де, өзімді де қинамаймын, махаббатымызға құрметпен, сақтықпен қарап, жұбайыммен бірге намаз оқимын, саналы болуға ұмтылып, үйдің берекесін сақтаймын. Осындай күйеуді берген Аллаға сансыз шүкір», - деп жазған ол.

Судья Айжан Құлбаева бұл хатқа таңғалды.

«Әйелі күйеуіне мұндай хат жазған ба? Мұны қалай түсінуге болады? Әйелдің күйеуіне осылай жазғанын алғаш рет көріп тұрмын», - деді Құлбаева.

Судья мұны дәлел ретінде қолдану жөніндегі арызды қабылдамады. 

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды