Жітіқарадағы бес баланың өлімі: отбасы уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қайғылы оқиға орын алған Жітіқара ауданына барды, деп жазды Sputnik. 

Қостанай облыстық ТЖД

Алматы, NEGE. Өңір басшысы қазаға қатысты көңіл айтты және барынша қолдау көрсетуді тапсырды.Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, әкім жедел кеңес өткізіп, оқиғаның себептерін мұқият тексеру міндетін жүктеді.,

Қазіргі уақытта отбасымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Балалардың үлкені - 2011 жылы туған жеткіншек зардап шекпеген, отбасы уақытша тұрғылықты жермен қамтамасыз етіліп, материалдық көмек көрсетілетін болады.

Еске салсақ, Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан бес бала көз жұмған еді. Алдын ала мәлімет бойынша балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады