ЖСДП партиясы сайлауға түсетінін мәлімдеді

Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы өкілдері өздерін елдегі саяси өзгеріс жолында күресуге дайын жалғыз оппозициялық күшпіз деп санайды.

Алматы, NEGE. «Бұрынғы парламенттік сайлау науқанында дауыстың адалдығына күмән келтіріп,  өз кандидаттарымызды ұсынбай, сайлауға бойкот жариялауды шешкен едік. Қазір жағдай өзгерді, заңнамалық шарттар мен билік жүйесінің өзі өзгерді. Сондықтан, еліміздің болашағы үшін жауапкершілікті сезіне отырып, партиямыз алдағы сайлау науқанына қатысуға шешім қабылдады» – делінген мәлімдемеде.