ЖРВИ мен тұмау қашан өршиді?

Болжам бойынша ЖРВИ мен тұмау күздің ортасында өршиді. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Алматы, NEGE. «Қаланың эпидемиологиялық қызметінің болжамы бойынша ЖРВИ мен тұмау осы жылдың қараша айының соңынан бастап 2021 жылдың бірінші тоқсанына дейін өршуі мүмкін. Алдағы эпидемиологиялық маусымның ерекшелігі - коронавирустың қабаттасу қаупі», – деді Бекшин.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, ауыр жағдайдағы науқастарды ауруханаға жатқызу үшін қосымша 485 төсек қарастырылған.

«Қаланың медициналық ұйымдарында, дәріханаларында бір реттік маскалар, вирусқа қарсы препараттар, дезинфекциялық құралдар жеткілікті. Қорларды қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Бекшин.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты