ЖОО студенттері қашықтан оқи ма?

ЖОО мен колледж студенттері қыркүйекте қашықтан оқиды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

Алматы, NEGE. «Колледждер оқу жылын қашықтан оқу форматында бастайды. Алыстағы ауылдық елді мекендерде колледждер де бар, егер эпидемиологиялық жағдай қолайлы болса, онда дәстүрлі форматта оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береміз.

Жоғары білім бойынша оқыту қашықтан оқыту форматында өтеді. Дәстүрлі формат жеке кесте бойынша, зертханалық жұмыстар үшін, докторантура үшін, өндірістік оқыту, кәсіби тәжірибе үшін ұйымдастырылады», - деді Аймағамбетов.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған