Үздіктер қатарында НЕГЕ ҚазҰУ жоқ?

«Атамекен»

ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев еліміздегі ең беделді ЖОО атады. 2019 жылы білім беру бағдарламалары рейтингінде ТОП-10 құрамына енген университеттер қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жоқ.

«Атамекен» ҰКП екі жыл қатарынан ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесеп, еліміздегі ЖОО-ның білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізіп келеді.

Сонымен, алғашқы үштікте КИМЭП, КАЗГЮУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IT) кірген.

Рейтингті Сүлейман Демирел университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жалғайды. Әрмен қарай Халықаралық білім беру корпорациясы, Алматы энергетика және байланыс университеті және соңғы ондыққа Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті енді.

«Бұл жоғары оқу орындары қатысқан рейтингтерде жақсы орындардан көрінді. 2019 жылдың рейтингінде олардың көшбасшылық үлесі айтарлықтай жоғары болды. Бұл оқу орындарында жыл сайын түлектерді даярлау жақсы деңгейде», – деді Олжас Ордабаев.

Қазір оқып жатыр

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды