ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлердің жалақысы көтеріледі
2022 жылдың қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесуде оқытушылар мен ғалымдардың жалақысын көтеруді тапсырып, студенттермен қатар еліміздің білім беру жүйесінде педагог та басты тұлғаға айналуға тиіс екенін атап өтті.