Жөндеуден өткен Үржар әуежайына алғашқы ұшақ қонды

Жөндеу жұмыстары аяқталған Абай облысының Үржар ауылындағы әуежайға бүгін алғашқы ұшақ қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей, NEGE. «Қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілгеннен кейін Өскемен – Семей –Үржар бағытындағы алғашқы әуе рейсінің ұшағы келіп қонды.

Үржар әуежайының ұшып-қону жолағын жөндеу 2020 жылы басталып, бүгінде толық аяқталды.

Жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске асты. Нәтижесінде ұшып-қону жолағының ұзындығы 600 метрге ұзартылып, 2 100 метрді құрады. Сонымен қатар перрон алаңы екі ұшаққа арналып үлкейтілді», - делінген әкімдік мәліметінде.

Әуежайдың ұшып-қону жолағы «Air Astana», «Scat», «FlyArystan», «Qazaq Air» компанияларының ұшақтарын қабылдауға мүмкіндігі бар.