Жолшылар ауылында өткен Наурыз той

Алматы қаласы мен Алматы облысының жолшылары Наурыз тойын дүркіретіп өткізді.

Алматы, NEGE. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Алматы және Алматы облысы филиалдары бір үйдің баласындай ұйысып, ұлыстың ұлы күнін бар сән-салтанатымен, ерекше думандатып өткізгеніне қала халқы куә болды. 

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мерекеге қос филиалдың басшылық құрамдары, инженерлер мен жол саласының ардагерлері арнайы қатысты. ЖАҰСО Алматы филиалының директоры Айбол Жасымұлы құттықтау сөз сөйлеп, барша әріптестерін Наурыз мерекесімен құттықтады. Көктем мейрамы елімізге береке, әр отбасына ырыс-құт әкелуін тіледі. 

Ерекше сәнді киінген қос филиал қызметкерлері ұлттық ойындар ойнап, ұлттық астан дәм татты.