Жол-көлік оқиғасынан жүргізуші көз жұмды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы болды, жүргізуші ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 18 маусым сағат 07.30-да Темір ауданының тұрғыны “ВАЗ-2112” автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі Шұбарши кенті жағынан Балуан көшесі бойымен Кеңқияқ ауылы бағытында, Кеңқияқ ауылының “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” жанында қарсы бағытқа шығып кетіп, Шұбарқұдық ауылының 39 жастағы тұрғынының басқаруындағы “ВАЗ-2114” автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы қорытындысында “ВАЗ-2112″ автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан Темір ауданы Кеңқияқ ауылының орталық ауруханасында көз жұмды,

“ВАЗ-2114” автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы Кеңқияқ ауылының орталық ауруханасына жатқызылды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, “ВАЗ-2114 “автокөлігінің жүргізушісі “жеңіл ” дәрежелі алкогольдік масаң күйде көлікті басқарған. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет).

Полиция департаменті барлық жол қозғалыс атысушыларынан жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауды, бір-біріне құрметпен қарауды сұрайды. 

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды