Жол-көлік апаты неге көбейді?

Елордада ауа райының нашарлауына байланысты қала жолдарында көлік апаттарының саны күрт артып кетті.

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы елорда аумағында бір тәуліктің ішінде тіркелген жол-көлік оқиғаларына сараптама жүргізген.

Оған тәулік ішінде 70 жол-көлік оқиғасының тіркеліп, мұндай жайттардың 30 пайызға артуы түрткі болған.

«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті ауа райына байланысты жүргізушілерден көлікпен қозғалыс барысында барынша тыңғылықты әрі абай болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз арақашықтықты және маневр жасау ережесін бұлжытпай сақтауға шақырады.

Жүргізуші үшін жаңбырдың алғашқы тамшылары өте қауіпті саналады. Жол жабындысы шаң-тозаңды, оның үстіне күзгі жапырақтардың түсуі басталды. Мұндай жайт жинала келе көлік құралының тоқтау жолын арттыра түседі.

Сол себепті күрт маневр жасаудан және тежегішті кенеттен басудан сақ болу қажет. Жаңбыр көріністі төмендетеді және барынша мұқият болу қажет. Жаңбыр немесе қар жауып тұрған кезде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралын байқамай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда кейде жаяу жүргінші шалт қимылдауы да ықтимал», – деп атап өтеді департаменттен.

Осыған орай ПД жүргізушілерге жаяу жүргінші өтетін жолаққа жақындаған кезде көлік жылдамдығын барынша төмендетіп, сақ болу қажеттігін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты