24 ноября 2021 г. 15:29

Жолымыз ажырады: Ерке Есмахан AZ-мен айырылысқанын мәлімдеді

Фото:

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың қарым-қатынасына нүкте қойылды. Қос жұлдыздың жолы екіге айырылды. Мұндай шешімге Еркенің өзі келген.

Алматы, NEGE. Ерке Instagram-да оқырмандарымен сұрақ-жауап ұйымдастырды. "Жігітіңіз қайда?" деген сауалға: 

"Жолымыз ажырады! Екі бөлек кеттік! Бұл ортақ шешім емес! Бұл менің қалауым болды! Енді алдағы уақыт бір Алланың еншісінде! Тек жақсылық болсын!" - деп жауап берді.

Аяқ астынан мұндай мәлімдеме жасаған әншіні көпшілік сұрақтың астына алды. Екеуінің айырылысу себебін білгісі келгендер көп болды. Тіпті, Азамат Еркеге опасыздық жасады деп болжағандар бар. Оған Ерке: "Жоқ! Ондай жасайтын адам емес! Себебін сұрамаңыздар! Айтпаймын, тошкы! (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)", - деді. 

Тегтер: