Жолдардың жабылуына байланысты адамдар пойызбен тасымалданды

Төрт өңірде тас жолдардың жабылуына байланысты шамамен 400 адам пойызбен тасымалданды, деп хабарлады Қазақстан теміржолы.

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. "Сарыбель, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен шамамен 400 жолаушы тасымалданды. Тасымалдау жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, аса қажеттілік болмаған жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды