Жолда қалған жүргізушіге 2 тәулік бойы ешкім жәрдемдеспеген
Шетпе – Сай-Өтес тасжолының 228-шақырымында "ГАЗель" автокөлігі сынып, жолда қалған. Жүргізушіге екі күн бойы ешкім көмек көрсетпеген. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы, NEGE. 21 желтоқсанда жол бойында тұрған көлікті полиция қызметкерлері учаскелерді патрульдеу кезінде байқаған.
"Тәртіп сақшылары жүргізушіге көмек көрсетуге бірден барды. Онымен әңгімелескен соң, автокөлігінің сынғаны белгілі болды. Полицейлер оған Ақтауға жетуге көмектесті. Барлық жүргізушіге жолда қиын жағдайда қалған адамдарға көмектесуге шақырамыз. Бей-жай қарамаңыздар", – деді ведомстводағылар.