14 декабря 2023 г. 14:50
Жолда қалған жолаушылар қайда хабарласа алады?
Елде 25 мың шақырым жол қысы-жазы мамандар назарында болады.
Алматы, NEGE. Бұл халықаралық және республикалық маңыздағы тас жолдар. Оның 21 мың шақырымына ҚазАвтоЖол, 4 мыңына мердігер ұйымдар жауапты. Күре жолдағы қарды тазалауға 1033 техника жұмылдырылады. Қажет болған жағдайда тағы 218-і жалға алынады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, ел бойынша 121 жылыту пункті дайындалған. Ол жерде ыстық ас және демалыс бөлмелері мен көлікке арналған жылы тұрақтар бар.
Егер жолда қалсаңыз 1403 нөміріне хабарласа аласыз. Call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.