Жолда энергетикалық сусын ішкен ер адамның жағдайы күрт нашарлап кеткен

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

ТЖМ

Алматы, NEGE. Түн ортасында трассалық медициналық-құтқару пунктіне Алматыдан Қарағандыға келе жатқан автомашина жолаушыларының бірінің денсаулығы нашарлағаны туралы шақырту келіп түсті.

Жедел әрекет ету бригадасының дәрігерлері 1981 жылы туған ер адамның жолда 2 құты энергетикалық сусын ішкенін анықтады. Энергетикалық сусын ішкеннен кейін жолаушының жағдайы нашарлаған. Дәрігерлер оған панкреатит диагнозын қойып, медициналық көмек көрсеткеннен кейін зардап шеккенді Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді. 

ТЖМ Апаттар медицинасы қызметі энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті. 

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді