31 мая 2022 г. 17:40

Жолаушылар жарықсыз отырған: Алматы метросы 15 минутқа тоқтап қалды

Фото:

Алматы метросының Алмалы және Абай станцияларының арасында вагон 15 минутқа тоқтап қалды. 

Алматы, NEGE. Метрополитеннің баспасөз қызметі себептердің анықталып жатқанын айтты. Пойыздардың жүру кестесі қалпына келтірілуде.

Күні кеше екі жаңа станция пайдалануға берілді, ал бүгін метро вагондарында келеңсіздік туындады. 

Вагон ішінде қалып қойған адамдар құтқаруларын 15 минут күткен.  Жарық сөніп, содан кейін жүргізуші олардың көз алдында жүгіріп шығып кеткен. Сол сәтте дүрбелең басталған. Пойыз межелі жерге бір сағат кешігіп жеткен. 

Әлеуметтік желілерде жолаушылар жаңа станциялардың іске қосылуына байланысты күші жетпегенін талқылап жатыр. 

Тегтер: