25 декабря 2019 г. 7:11

«Жолаушылар тасымалы» мың теңгемізді НЕГЕ қайтармайды?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтар сатып алған билетін қайтарғанда мың теңге ұстап қалатын. Оны Бәсекелестікті дамыту және қорғау комитеті заңсыз деп тауып, компанияға сот шешімімен 865 миллион теңге айыппұл салынды. Бірақ теміржолдағы монополист 865 миллионды әлі төлемеген.  

Жолаушылар тасымалының әр азаматтың мың теңгесін қайда құртқаны түсініксіз. Компания Nege.kz ресми сауалына жауап берудің орнына, үнсіз қалып отыр. ҚР «БАҚ туралы» Заңына сәйкес, 7 жұмыс күнінің ішінде жауап беруі тиіс болатын. Бәсекелестікті дамыту және қорғау комитетінің Nege.kz порталының ресми сауалына берген жауабында Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік соты «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамын жауапқа тартып, сот шешімі осы жылдың 26 қарашасында толық өз күшіне енгені айтылған. Әзірге сот шешімін өз еркімен орындаудың кесілген мерзімі біткен жоқ. Сондықтан компания осы мерзім аясында не айыппұл төлейді не соттың шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсіруге құқылы.

 

Фото: railnews.kz

Жолаушылар тасымалы биылдан бастап пойыз билеттері төңірегіндегі алыпсатарларымен күресті күшейткен болатын. Алыпсатарлар қолдан дефицит жасап, азаматтардың ашу-ызасын туғызғаннан кейін, билеттер жаңа автоматтық жүйемен сатыла бастады. Жаңа жүйе қандай тиімділік әкелді, дефицит азайды ма, ол жағы туралы ашық есеп берілмеді. 

Тегтер: