Жолаушылар пойызы жүретін болды

Қазақстанда кейбір жолаушылар пойызы күн сайын жүретін болды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE.  Атап айтқанда, №4/3 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Алматы-2» пойызы 1 қарашадан бастап Нұрлы жол вокзалынан, 2 қарашадан бастап Алматыдан күн сайын жөнелтіледі.

Сонымен қатар №68/67 «Нұр – Сұлтан - Нұрлы жол – Өскемен-1» пойызы да 1 қарашадан бастап Нұр-Сұлтаннан, 2 қарашадан бастап Өскеменнен күн сайын жүре бастайды.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөміріне хабарласып білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан билетті онлайн, соның ішінде ресми bilet.railways.kz сайтынан сатып алуын, санитарлық-карантин талаптарын, әлеуметтік қашықтықты, вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін қатаң сақтауын сұрайды.

Сондай-ақ, сапарға шығар күні билет болмаған жағдайда «Күту парағы» атты тегін қызметті пайдалануға болатынын еске салады.

.

Қазір оқып жатыр

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады