Жолаушылар мінген ұшақ Павлодардан Астанаға ұша алмады

Павлодарда қозғалтқышының ақауы салдарынан жолаушылар ұшағы Астанаға ұша алмай қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Павлодар, NEGE. Жолаушылардың айтуынша, "Павлодар-Астана" рейсі 5 желтоқсанда сағат 12:10-ға ұшу жоспарланған.

"Ұшаққа отырдық және қозғалтқыш іске қосылды, содан кейін тоқтап қалды. Бірнеше минуттан кейін ол қайтадан қосылды, бірақ жолаушылар, бізде жүзге жуық адам кабинадан шығып, күту залына оралуды сұрады. SCAT компаниясы біздің рейс техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылғаны туралы SMS жіберді", - деді жолаушылардың бірі.

Павлодар әуежайының анықтама қызметі рейс неге кейінге шегерілгенін түсіндірді.

"Рейс сағат 18:30-ға ауыстырылды, бұл ұшақтың техникалық ақауына байланысты соңғы ресми уақыт. Олар оны әлі ұшыруға тырысып жатыр. Бізде ұшақты ауыстыру туралы ақпарат жоқ. Жолаушылар күту залында", - деді Павлодар әуежайындағы қызметкерлер Tengrinews.kz тілшісіне.

SCAT әуе компаниясының байланыс орталығы бұл ақпаратты растады.

"748 рейсі әуе кемесі қозғалтқышындағы техникалық ақауға байланысты кейінге қалдырылды. Ұшудың кешігуі шамамен алты сағатты құрады", - деп хабарлады әуе компаниясының байланыс орталығы.

Сондай-ақ, олар жолаушылар күткен әрбір сағаты үшін үш пайыз көлемінде өтемақы алуға құқылы екенін еске салды.

Қазір оқып жатыр

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды