Жолаушы ұшақта көз жұмды

Алматы-Қостанай бағытында ұшқан рейсте 70 жастағы ер адам көз жұмды, деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «9 қыркүйекте кешкі сағат 17:34-те Қостанай стансасының желілік полиция бөлімшесіне «Алматы-Қостанай» әуе рейсінің 70 жастағы жолаушысы қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті.

Алдын ала болжам бойынша жолаушы созылмалы ауруларынан көз жұмған. Осы дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа мағлұматтар тергеу мақсатында жария етілмейді», – деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінен.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты