Жол сапасы бойынша әкімдер рейтингі жасалуы мүмкін?

Қазақстанда жол сапасы бойынша әкімдердің рейтингісін жасау ұсынылды.

Алматы, NEGE. «Жолдардың сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан астам нормативтік-құқықтық акті қайта өңделуде және жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингісін анықтау жөніндегі әдістеме әзірленіп, қазіргі таңда келісу және бекіту рәсімі жүргізілуде», Ц деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, «Көлік туралы» заң аясында орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру үшін келесідей түзетулер енгізіледі:

– кепілдік кезеңінде авторлық және техникалық қадағалаудың мердігерлік ұйымдармен тең дәрежеде ортақ жауапкершілігі;

– сапа орталығына көше-жол желісіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша өкілеттіктер беру.