Жол ортасында отырған адамды көлік қағып кетті

Жетісу облысында түнде жол ортасында отырған адамды көлік қағып кет

ті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдықорған, NEGE. Оқыс оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болды. Алматы - Өскемен тас жолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кетті.

Полицейлер марқұмның түнгі уақытта жол бойында не үшін отырғанын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер азаматтарды жолда қырағы болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды