Жол ережесін кімдер жиі бұзатынын білесіз бе?

Алматы полициясы жол ережесін кімнің жиі бұзатынын айтты.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, 2020 жылдың жеті айында жергілікті және әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері 134 206 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтаған. «Оның 5435-і жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған. Жүргізушілер арасында 128 771 заңбұзушылық тіркелді. Оның ішінде мас күйінде көлік айдаған 713 жүргізуші бар. Ең көбі түтін шығару нормаларынан асып кету – 4087, қауіпсіздік белбеуін тақпау – 5379, ұялы телефонмен сөйлесу – 3495», – деп хабарлады Полициядан. 

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты