Жол бойында мұзда сырғанағандар қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында көлікке баллон байлап сырғанап, жол апатына ұшыраған екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды yk.kz.

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға Бесқарағай ауданында болды. Үш жігіт тасжолда көңіл көтермек болған. Nissan Terrano автомобилінің 19 жастағы жүргізушісі рәзіңке баллонды көлігіне байлап, 2001 және 2002 жылғы достарын отырғызған. 

Стеклянка ауылынан жеті шақырым жерде Семей-Дөлен тасжолында жігіттер жолдың қарсы бетіне өтіп кеткен, онда Nissan X-trail автомобилі келе жатқан. Баллон көліктің дәл астына түскен. Жігіттер оқиға орнында қаза тапты. 

19 жастағы жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ