Жол апатынан мерт болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден беріледі

Ақмола облысында жол апатынан мерт болған полиция қызметкерлерінің әрқайсының отбасына 11 миллион теңге көлемінде көмек беріледі.

Алматы, NEGE. Қазіргі кезде екі полиция қызметкерінің өліміне әкеп соқтырған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталмыш санкция бойынша күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Сондай-ақ облыстық полиция департаменті қызметтік міндетін орындау барысында қаза болған полицейлердің отбасына 11 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан