Жол үстінде шарап ішіп, ваннаға түскен блогер қамауға алынды

Блогер қызық контент түсіру үшін Талғар қаласының орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде ваннаға жатып, шарап ішкен.

видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Ол таңданған жүргізушілер мен өтіп бара жатқан адамдардың көзінше киімімен көбікке барып жата қалады. Бірақ бұл «тамаша» полиция қызметкерлері келісімен тоқтатылған.

Патрульдік полиция ротасы патрульдеу кезінде Талғар қаласының орталық көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірген 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Сонымен бірге, оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан басқа да қатысушылар анықталып, ұсталды, - деп хабарлады полиция.

Жол қозғалысына кедергі келтіргені, көлікті қою және тоқтату ережелерін сақтамағаны, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты бірқатар әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен түсірілім кейіпкері 15 тәулікке қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады