Жол ортасында билеген «биші жүргізушілер» айыппұл арқалады

Полиция жүргізушілерден жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақтауда жол ортасында лезгинка билеп өзге көліктердің өртуіне кедергі келтірген Bentley, Mercedes Benz және Porshe автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды lada.kz порталы.

5 және 6-шағын аудандар арасындағы жол бойында би билеген Bentley, Mercedes Benz және Porsche автокөліктерінің жүргізушілерінің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Ақтау полицейлері жол ережесін бұзғандарды анықтап айыппұл салды.

"Меншік иелеріне заң бұзушылықтар туралы хаттамалар жасалды. Барлық үш элиталық көлік айыппұл тұрағына жіберілді. Полиция жүргізушілерден жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды", – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?