Жол ережесін 24 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Көкшетауда полиция жол қозғалысы ережесін 24 рет бұзған және айыппұл төлемеген жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Облыс орталығындағы көшелердің бірінде тәртіп сақшылары Nissan Primera көлігі тоқтатты.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жол ережесін 24 рет бұзып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлемегені анықталды.

Автокөлік бірден айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар Nissan Primera көлігінің 24 жастағы жүргізушісі 8-9 наурызға қараған түні Осипенко көшесі1/1 мекенжайында жол апатына себеп болып, үш автокөлікті зақымдап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды