Жол апатынан қаза болған келіншектің отбасы Шавкат Рахмоновтың әйеліне кешірім берді

Таразда Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонованың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты іс қаралып жатыр.

instagram./zhambyl_police

Астана, NEGE. Жол апатында қаза болған бір келіншектің отбасы Гүлайым Рахмоноваға кешірім берді, деп хабарлайды Kazinform.

Марқұмның әкесінің айтуынша, оқиға болған күні олар Алматыдағы үйінде болған. Қайғылы жағдай таңертең болғанымен, қаралы хабарды марқұмның туыстарына кешке бір-ақ естірткен.

Естіртуге барған адамдардың арасында айыпталушының туыстарымен бірге жол апатынан қаза тапқан тағы бір келіншектің анасы болған.

Олар кешірім сұрады. Біз бірге отырып жыладық, – дейді әкесі сотта.

Жақындары сол күні тіпті қызының Алматыға жолға шыққанынан хабарсыз болған екен.

Айыпталушының туыстары Жамбыл облысынан мәйітті жеткізуге және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектескен.

Сотта қыздың әкесі айыпталушыға кешірім беретінін айтты.

Қаза болған әйелдің артында 2006 жылы туған ұлы қалды.

Қазір оқып жатыр

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды