Жойқын жарылыстан қонақүйдің талқаны шықты

Грекияның солтүстігіндегі Касторияда болған сұрапыл жарылыс қонақүйді қиратты, деп хабарлайды Ekathimerini сайты.

Алматы, NEGE. Зардап шеккендер туралы әлі хабар жоқ. Жарылыс үш қабатты ғимаратты қиратып, 80 метр радиуста әйнек сынықтары мен металл заттарды шашыратты.

Оқиға орнына Касториядан өрт сөндірушілер жіберілді, ал полиция қызметкерлері ауданды қоршап, негізгі тасжолдағы қозғалысты тоқтатты.

Облыстық өрт сөндіру басқармасы мен Кастория полициясы ғимараттың ішінде ешкім жоқ деп мәлімдеді.

Билік жарылыс себебін әлі айтқан жоқ, алайда оқиғаның мән-жайын анықтауға уәде берді.

Үш жұлдызды Tsamis қонақүйі Кастория – Афина – Салоники ұлттық тасжолының 4-ші шақырымында, Кастория көлінің жанында орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр