Жохар Өтебеков: Саудың асын ішіп, жындының сөзін сөйлеу ме?

Бүгін Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі бес адамды опат қылған борышкердің ісіне қатысты түсініктеме берген. Бұған белгілі адвокат Жохар Өтебеков жауап берді.

Алматы, NEGE. «Мен Алматы қалалық сотының пресс-релизін түсінбедім! Үйден күштеп шығару кезінде бес адам өлді. Адвокаттар кінәлі ме? Шешімді сот шығарды. Адамдарды үйінен айырған – сот. Жарты бағасына саудаланғаны сотқа дұрыс көрінген. Енді өкілдері кінәлі ме? Жөн екен. Бұл саудың асын ішіп, жындының сөзін сөйлеу ме?», – деп жазды адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында.   

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты